АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын мәлімдеді

0
606

​Бұл туралы Дональд Трамп Конгреске ресми хабарлама жіберді.


АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Америка Құрама Штаттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) құрамынан шығады, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы Дональд Трамп Конгреске ресми хабарлама жіберді, дейді демократ-сенатор Боб Мендес.

Еске сала кетейік, қажетті реформаларды жүргізуден бас тартқаны үшін Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен ынтымақтастықты үзетіні жайында АҚШ президенті бұған дейін де айтқан еді.

Сонымен қатар, Дональт Трамп Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы Қытай Халық Республикасының мүддесін қорғай отырып, коронавирус індетінің ауқымын жасырды деп айыптап отыр. Алайда Трамптың әрекеті демократтар тарапынан сынға ұшырады. Олар мұндай шешім америкалықтардың өмірі мен мүдделерін қорғамайды.

Еске сала кетейік, АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны үш миллионнан асты, 133 мың адам аталған дерттен қайтыс болды.