АҚШ лауазымды қызметкерлерді қысқартуды бастады

0
86

Бұл шешім АҚШ-тағы үкіметтік құрылымдарды оңтайландыру және шығындарды азайту саясаты аясында қабылданған.


АҚШ лауазымды қызметкерлерді қысқартуды бастады

ERNUR.KZ. АҚШ-та федералды деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту процесі ресми түрде басталды, деп жазады BAQ.KZ.

Reuters мәліметінше, қысқарту шаралары бірнеше ірі ведомстволарда – Қаржы, Денсаулық сақтау, Сауда, Білім және Ішкі қауіпсіздік департаменттерінде жүргізілуде. Мыңдаған қызметкерге жұмыстан босатылатыны туралы ескерту берілген.

Бұл шешім АҚШ-тағы үкіметтік құрылымдарды оңтайландыру және шығындарды азайту саясаты аясында қабылданған. Президент Дональд Трамп бұл қадамды елдегі бюрократияны қысқартудың қажетті шарасы деп атады.

Дегенмен, оппозиция мен қызметкерлер одағы бұл әрекетті заңсыз деп санап, сотқа шағым түсірді. Олар үкіметтің бұл шешімі қызметкерлерге алдын ала ескертілмей қабылданғанын және әлеуметтік салаларға кері әсер етуі мүмкін екенін айтады.

Сот тыңдауы 15 қазанда өтуі жоспарланып отыр.