АҚШ полицейлері тағы бір афроамерикалыққа оқ атты

0
677

Бұл - АҚШ-тағы полиция қолынан көз жұмған үшінші афроамерикалық.


АҚШ полицейлері тағы бір афроамерикалыққа оқ атты

ERNUR.KZ. АҚШ-та тағы бір афроамерикалық жігіт полиция қолынан көз жұмды, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға Вашингтонда болған. Полиция бөлімінің басшысы Питер Ньюсэм журналистерге атыс Анакостия әскери базасының маңында болғанын айтқан.
Тәртіп сақшылары көлікке жақындаған. Онда қарулы адамдар отырған. Бірнеше адам көліктен атып шығып, полициядан қашқан. Осы сәтте тәртіп сақшыларының бірі қару қолданған. Оқ күдіктілердің біріне тиген. Ол ауруханаға шұғыл жеткізіліпті. Алайда афроамерикалық жігіт ауруханада көз жұмған.

"Біз атыс кезінде күдіктіде қару болды деп ойлаймыз", - дейді Питер Ньюсэм.

Айта кетейік, бұл - АҚШ-тағы полиция қолынан көз жұмған үшінші афроамерикалық. Осыған дейін Джордж Флойд, Джейкоб Блейк тәртіп сақшыларының қолынан қаза болған еді.