АҚШ Ресейдегі 50 банк пен 15 шенеунікке санкция салды

0
129


АҚШ Ресейдегі 50 банк пен 15 шенеунікке санкция салды

ERNUR.KZ. Украинадағы соғысқа байланысты 50-ден астам ресейлік банкке, 40 бағалы қағаздарды тіркеуші мен қаржы саласындағы 15 шенеунікке АҚШ-тың жаңа санкцияларына ұшырады, деп жазады Ulysmedia.kz.

21 қарашада шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) АҚШ қаржы министрлігінің сайтында Ресейге жаңа санкциялар салынғанын хабарлады.

Ұлыбритания, Канада, Австралия және Жаңа Зеландияның осыған ұқсас тізімдерінде пайда болған Газпромбанк санкцияларға ұшыраған. Сонымен қатар, БКС-банкке, "ЦентрКредит", "ДОМ.РФ", "Синара" және басқа да көптеген банктерге шектеулер енгізілген.

OFAC басылымында санкциялар тізіміне енгендердің ішінде Ресей орталық банкінің оннан астам қызметкері, оның ішінде банк төрағасының бірінші орынбасары Владимир Чистюхин мен Дмитрий Тулин, сондай-ақ Ресей банкі төрағасының орынбасары Ольга Полякова бар.

Газпромбанкке қарсы санкциялар Еуропаға газ жеткізуге әсер етуі мүмкін.


21 қарашада Украина күштері Ресейдің Днепрге және оның айналасына зымыранмен соққы жасағанын хабарлады. Соққы кәсіпорындар мен маңызды инфрақұрылымға зақым келтірген.
Украина тарапы Астрахан облысынан атылған ракета – құрлықаралық баллистикалық зымыран деп болжаған.

Кейін CNN анонимді америкалық шенеунікке сілтеме жасай отырып, Ресейдің 21 қарашада Днепрге соққы беру үшін қолданған зымыраны құрлықаралық емес, орта қашықтықтағы эксперименттік баллистикалық зымыран екенін хабарлады. Дереккөздің айтуынша, АҚШ Ресейдің эксперименттік зымыранды қолдану мүмкіндігі барын білген. Вашингтон Украина мен басқа елдерге ықтимал қауіп барын алдын ала ескертіп отыр.


Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Украинамен арада болып жатқан соғысқа қатысты шұғыл мәлімдеме жасап, қақтығыс ғаламдық сипатқа ие болғанын мәлімдеген еді. Ол Украина 19 және 21 қарашада Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға батыстық зымырандармен соққы жасағалғанын айтты. Оның сөзінше, Ресей күштері бұған жауап ретінде соққы берген, оның ішінде тәжірибелік қару қолданылған. РФ “Орешник” ядролық емес гипердыбыстық баллистикалық зымыранмен Оңтүстік машина жасау зауытына және Украинаның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің нысанына біріктірілген соққы жасаған.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевн премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.