Ұшақ бортында екі адам болған.
Фото: Report
ERNUR.KZ. Оклахома штатында АҚШ Әскери-әуе күштерінің OA-1K Skyraider II ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады, деп жазады inform.kz.
Ұшақ бортында екі адам болған.
— Бүгін таңертең Уилл Роджерс әскери-әуе күштері алаңында орналасқан 492-ші арнайы операциялар қанатына тиесілі ұшақ апатқа ұшырады… Бортта екі экипаж мүшесі болды: бір азаматтық мердігер және бір АҚШ әуе күштерінің қызметкері, — делінген хабарламада.
Ұшақ пен экипаж мүшелері штаттың ұлттық гвардиясына тиесілі емес екені атап өтілді. Әзірге жарақат алғандар тіркелген жоқ.


