АҚШ-та халық дүкеннен 100 мың доллардың затын тонап кетті

0
889

Адамдар дүкеннің тас-талқанын шығарған.


АҚШ-та халық дүкеннен 100 мың доллардың затын тонап кетті

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Флорида штатындағы Тампа қаласында тұрғындар қарақшылық жасап «Уолмарт» сауда орынын тонады, деп хабарлайды Хабар24.

Жүздеген адам дүкендегі тауардың түгін қалдырмай өзімен алып кеткен. Мамандар қолды болған тауардың құны 100 мың доллардан асатынын айтады.

Айта кетейік, «Уолмарт» дүкені жаппай толқулардың кесірінен жабық еді. Ереуілшілер бұған қарамастан дүкеннің тас-талқанын шығарып, жолындағының бәрін қиратып жайпап кетті.