АҚШ-та миллиондаған адам Трамп саясатына қарсы наразылыққа шықты

0
105

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, акцияларға шамамен 7 миллион адам қатысқан.


АҚШ-та миллиондаған адам Трамп саясатына қарсы наразылыққа шықты

ERNUR.KZ. Сенбі күні АҚШ аумағында Дональд Трамптың саясатына қарсы бағытталған "No Kings" ("Патшаларға жол жоқ") ұранымен жаппай наразылық шерулері өтті, деп жазады BAQ.KZ.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, акцияларға шамамен 7 миллион адам қатысқан. Бұл наразылықтар АҚШ тарихындағы ең ірі біркүндік шерулердің бірі болған. Шаралар елдің 2,7 мыңнан астам қаласында өтіп, бейбіт сипатта өткен.

“ Бүгін шамамен жеті миллион америкалық көшеге шығып, авторитарлық саясатқа қарсылығын білдірді және АҚШ — "патшаларға" емес, халыққа тиесілі екенін еске салды, – делінген ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде.

Олардың айтуынша, бұл жолғы акцияларға қатысушылар саны маусым айында өткен алдыңғы наразылықтармен салыстырғанда 2 миллион адамға көп болған.