АҚШ-та тәулігіне індет жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

0
666

АҚШ-та вирус жұқтырғандар 2,48 миллионға жеткен.


АҚШ-та тәулігіне індет жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

ERNUR.KZ. АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны жұма күні тәулігіне 45 242 адамға жетіп, жаңа рекорд орнатты, деп жазады Stan.kz.

COVID-19 жұқтырған американдықтардың жалпы саны кем дегенде 2,48 миллион адамға жеткен.


"Коронавирус жұқтырғандардың жаңа рекорды инфекциялық ошақ саналатын бірнеше штаттың бизнеске арналған шектеулерді алуынан туындады", - деп мәлімдеді Reuters агенттігі өкілдері.


Статистикалық зерттеу жүргізген Джонс Хопкинс университетінің деректері бойынша, елдегі COVID-19-дан қайтыс болған пациенттердің саны 125 мыңнан асты. АҚШ-та барлығы 2,46 миллион науқас тіркелді, 670 мыңнан астам адам сауығып кетті.