Апат салдарынан бір адам көз жұмды.
Ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. АҚШ-та әуе апаты тіркелді. Тікұшақ Нью-Йорктің қарсы бетіндегі Джерси-Сити жағалауында орналасқан Гудзон өзеніне құлады, деп жазады ulysmedia.kz.
Апат салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы екі адам судан шығарылды, олардың жағдайы қалай екені әзірге нақтыланған жоқ.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайғылы оқиға бейсенбі күні, жергілікті уақытпен сағат 15:15 шамасында, қала пирсінің маңында болған. Оқиға орнына құтқару қызметтері дереу тартылды. Іздестіру-құтқару операциясына бірнеше кеме мен әуеден бақылау жүргізіп жатқан полиция тікұшағы жұмылдырылған.
Әуе көлігінің құлауына не себеп болғаны белгісіз. Нью-Йорк полициясы екі адамның судан тірідей шығарылғанын растады, алайда материал жарияланған сәтте олардың нақты жағдайына қатысты ресми ақпарат берілген жоқ.
Оқиға орны қоршауға алынып, апат болған маңда көлік қозғалысы уақытша шектелді.