АҚШ-тағы мектептердің бірінде атыс болды

0
1 273

ҚШ-тың Джорджия штатындағы мектептің бірінде тағы атыс болды,-деп хабарлайды 24.KZ.


АҚШ-тағы мектептердің бірінде атыс болды

фото: 24.KZ.

АҚШ-тың Джорджия штатындағы мектептің бірінде тағы атыс болды,-деп хабарлайды 24.KZ.

Оқ атқан – осы оқу орнының Джесси Дэвидсон есімді мұғалімі. Бірақ құдай сақтап ешкім жарақат алмаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер оқушылар мен ұстаздарды дереу эвакуациялап, мұғалімді тұтқындады. Әзірге оның неге мұндай әрекетке барғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, ақпанның 14-і күні Флорида штатының Паркленд қаласында мектептің бұрынғы оқушысы өз оқу орнына барып балалар мен мұғалімдерге оқ жаудырды. Салдарынан 17 адам қаза тапты. Оқиғадан кейін елде қарудың емін-еркін сату мәселесі қайта қызу талқыға түсіп, президент Дональд Трамп мектеп мұғалімдерін қаруландыру туралы ұсыныс жасайды. Алайда халықтың көбі бұдан қайғылы оқиғалар одан бетер көбейеді деп оны сынға алып жатыр.

Брюс Фрейзер, Дэлтон қаласы полициясының өкілі:

- Мұғалім оқушыларды сыныпқа кіргізбей қойған. Мектеп директоры келіп оны кілтпен аша бергенде, ұстаз терезеге қарай оқ атқан. Содан кейін дереу полиция шақыртылған.