АҚШ Түркияға қарсы санкция салды

0
819

Ақ үй басшысының мұндай шешім қабылдауына Түркияның Сириядағы операциясы себеп болған.


АҚШ Түркияға қарсы санкция салды

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға санкция салды. Бұл туралы Трамп өзінің Твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ үй басшысының мұндай шешім қабылдауына Түркияның Сириядағы операциясы себеп болған. Қазір шектеу шаралары мемлекеттік қызметкерлерге бағытталмақ. Бұған қоса, Вашингтон Анкарамен арадағы сауда келісімі жөніндегі келіссөздерді де тоқтататыны белгілі болды. Сонымен қатар Америка Түркиядан келетін болатқа баж салығын 50%-ке арттыруды көздеп отыр. Ал алдағы уақытта қаржы секторы мен виза беруге де шектеу қойылуы мүмкін.

Еске салсақ, 9 қазанда Түркия Сирияның солтүстігінде күрд жасақтары мен «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қарсы әскери операция бастаған еді. Осыған байланысты Дональд Трамп АҚШ әскерін Араб Республикасының солтүстігінен әкетуді бұйырған болатын.