АҚШ-тың бірінші ханымы коронавирус жұқтырды

0
726

Байденнің 72 жастағы әйелі соңғы рет өткен тамызда, ал 80 жастағы президент соңғы рет 2022 жылдың шілдесінде коронавируспен сырқаттанған


АҚШ-тың бірінші ханымы коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Ақ үй Америка президенті Джо Байденнің әйелі ДжилЛ COVID-19 сынамасын тапсырғанын, сынама оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Байденнің 72 жастағы әйелі соңғы рет өткен тамызда, ал 80 жастағы президент соңғы рет 2022 жылдың шілдесінде коронавируспен сырқаттанған, деп жазды Reuters.

"Бірінші ханымның COVID-19 сынамасы оң нәтиже бергеннен кейін, президент Байден бүгін кешке COVID-ге сынама тапсырды, ол теріс нәтиже көрсетті. Президент осы аптада жүйелі түрде сынама тапсырып отырады", – деп мәлімдеді Ақ үй.