Алаяқтық жасаған имамның үйінен қомақты ақша табылды

0
142

Сот Ош және Ош облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқармасы тергеушісінің айыпталушыны уақытша ұстау изоляторына қамау туралы өтінішін қабылдамады.


Алаяқтық жасаған имамның үйінен қомақты ақша табылды

Фото: Instagram/ akipress

ERNUR.KZ. Ош қалалық соты Ош қаласының қазысы (қазыят басшысы, муфтияттың аумақтық бөлімшесі) Мирланбек Токтомушевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде бір ай мерзімге үйқамақ түрін таңдады. Ол алаяқтық жасады айыпталып отыр, деп жазады Skifnews.kz.

Сот Ош және Ош облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқармасы тергеушісінің айыпталушыны уақытша ұстау изоляторына қамау туралы өтінішін қабылдамады.

Бұлтартпау шарасын таңдағанда сот Токтомушевтің бұрын сотталмағанын, тұрақты мекенжайы барын, екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін және денсаулығында мәселелер барын ескерді. Медициналық көрсеткіштер бойынша қамауда ұстау мүмкін еместігі туралы анықтама берілген.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің “Қызметтік жағдайды пайдаланып айтарлықтай көлемде алаяқтық жасау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

3 мамырда ҰҚКБ Ош қаласының қазыятының жауапты қызметкерлерінің жүйелі түрде заңсыз әрекеттерін тоқтатқанын хабарлады.

Ведомство дерегінше, қазыят өкілдері мешіттер мен медресе қызметкерлерінен заңсыз ақша жинаған, бұл діни ортада наразылық туғызған. Мемлекеттік институттар сеніміне нұқсан келтірген.

Мешіттер мен медреседе жұмыс істейтін кәсіпкерлердің арыздары бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот санкциясымен қазыяттың төрт қызметкерінің, оның ішінде Мирланбек Токтомушевтің үйлерінде және жұмыс орындарында тінту жүргізілді. Тінту нәтижесінде заңсыз ақша жинау фактілеріне дәлелдер табылды.