Бүлдіршіннің басы мен денесінде көптеген жарақат болған.
Көрнекі сурет: depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қостанай облысы Әулиекөл ауданында бес жасар бала қаза тапты. Баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша бүлдіршіннің басы мен денесінде көптеген жарақат болған, салдарынан ол көз жұмған, деп жазады tengrinews.kz.
Қайғылы оқиға 26 қазанда болған. Баланың өліміне байланысты Әулиекөл аудандық полиция бөлімі соталды тергеуді бастады. Күдіктінің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі ("Баланы өлтіру") бойынша қаралып жатыр.
Күдікті сол күні ұсталды. Сот оған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
"Қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деді Қостанай облысы прокуратурасы өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.
Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, баланың өліміне оның әкесінің қатысы болуы мүмкін. Құзырлы органдар бұл ақпаратты әзірге ресми түрде растаған жоқ.
Қостанай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Бәсенова қаза тапқан бала балабақшаға барғанын айтты. Отбасы тиісті органдарда есепте тұрған-тұрмағаны анықталып жатыр. Омбудсменнің сөзінше, бала 2026 жылғы наурыздан бастап әкесімен бірге тұрған. Оған дейін бала әжесінің қолында болған. Сондай-ақ, Бәсенова баланың анасы ата-ана құқығынан айырылғанын айтты.
"Соттың 2024 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес бала әкесімен бірге тұруға тиіс болған. Әжесі баланы бергісі келмеген, бірақ әкесі жалдаған адвокат араласып, осыдан кейін кәмелетке толмаған бала әкесінің үйіне көшкен", - деді Несібелі Бәсенова.
Бала тәрбиеленген отбасы көпбалалылар қатарына жатады.


