Бұл – Албанияда соңғы 30 жылда болып тұрған жойқын зілзала.
ERNUR.KZ. Албанияның батысында қуаты 5,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Зілзала ошағы Дуррес қаласынан солтүстікке қарай 6 шақырымдай жерде, 10 шақырымдай тереңдікте тіркелді. Табиғат апатынан 68 адам жеңіл жарақат алған. Жапа шеккендер Дуррес пен Тирана шаһарының ауруханаларына жеткізілген. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл – Албанияда соңғы 30 жылда болып тұрған жойқын зілзала. Қазір табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.