Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 55 миллионнан асты

0
500

ДДҰ соңғы мәліметтері бойынша, әлемде коронавирустан 1 316 994 адам қайтыс болды.


Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 55 миллионнан асты

ERNUR.KZ. Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 55 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университетінің сайтында айтылады, деп жазады Tengrinews.kz.

Университет мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 55 033 418-ге жетті, ал қайтыс болғандар саны - 1 327 500. 35,3 миллион адам жазылып шыққан.

Ал бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус бойынша басқа статистика келтіреді. ДДҰ соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 54 301 156-ға жетті, 1 316 994 адам қайтыс болды.