Әлемдегі ең қарт әйел 117 жасқа толды

0
1 501

Канэ Танака 2019 жылғы 9 наурызда Жердің ең қарт тұрғыны ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енген.


Әлемдегі ең қарт әйел 117 жасқа толды

ERNUR.KZ. Жапонияда әлемдегі ең қарт әйел Канэ Танака 117 жасқа толғандығын атап өтті, деп хабарлайды ktk.kz.

Ол Фукуока қаласында қарттар үйінде тұрады. Оның туған күніне орай мекемеде сауық кеші өткізілді. Киодо агенттігінің ақпарынша, қарттар үйінің басшылығы ұйымдастырған мерекелік шараға мекеменің басқа да тұрғындары қатысқан.

Танака-сан туған күнінде ашық сары түсті ұлттық кимоно киді. Оған достары гүл шоқтарын, құттықтау хаты мен торт берді. Канэ Танака 1903 жылы Фукуока префектурасында дүниеге келген. 117 жасқа толған Канэ Танака 2019 жылғы 9 наурызда Жердің ең қарт тұрғыны ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енген болатын. Ол әліге дейін үстел ойындарын ойнап, математикалық есептер шығарғанды жақсы көреді.