​Әлемдегі ең қарт марафоншы Үндістанда жол апатынан қаза тапты

0
143

114 жастағы Фауджа Сингх ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енбесе де, әлемдегі ең қарт марафоншы ретінде танылды.


​Әлемдегі ең қарт марафоншы Үндістанда жол апатынан қаза тапты

Фото: DW

ERNUR.KZ. 1911 жылы Үндістанда дүниеге келген Фауджа Сингх «Сәлделі торнадо» лақап атты 89 жасында марафон қатысып, жүгіре бастағанда алған. Ол әйелі мен ұлын жоғалтқаннан кейін Англияға көшіп барып, жарыстарға қатысқан, деп жазады inform.kz.

– Жүгіру мені өмірге қайта әкелді. Ол маған мейірім танытып, барлық жара мен қайғымды ұмыттырды, – деген еді ол CNN телеарнасына берген сұхбатында.

Бала кезінде, яғни 5 жасқа дейін аяғындағы ақауға байланысты жүре алмаған Сингх 42 шақырымдық марафонды тоғыз рет жүгіріп өткен. Жеке рекордын ол 2003 жылы Торонто марафонында орнатып, қашықтықты 5 сағат 40 минутта жүгіріп өткен. Ал соңғы рет 2013 жылы Гонконгте 10 шақырымдық жарысқа қатысқан. Бұл оқиға Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиадада алау ұстаған сәтінен бір жыл кейін болған.
114 жастағы Фауджа Сингх ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енбесе де, әлемдегі ең қарт марафоншы ретінде танылды. Себебі оның туғанын растайтын туу туралы куәлігі болмаған. Соған қарамастан, ол 100 жасқа толғанда Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветадан құттықтау хатын алған.
Үндістан полициясының мәліметінше, белгісіз көлік Пенджаб штатындағы туған ауылы Биас маңында жаяу кетіп бара жатқан Сингхті қағып кеткен. Ол ауруханада бас сүйегі мен қабырғасына түскен ауыр жарақаттардан көз жұмған.