Әлемдегі ең танымал мобильді қосымша анықталды

0
2 802

Әлеуметтік желі қосымшасы қаңтар айында 63 миллион рет жүктелген.


Әлемдегі ең танымал мобильді қосымша анықталды

ERNUR.KZ. SensorTower сараптамалық ұйымы 2021 жылдың қаңтарындағы ақпаратқа сәйкес әлемдегі ең танымал мобильді қосымшалардың рейтингісін жариялады, деп жазады Stan.kz.

Өткен тоқсанда ойындарға жатпайтын мобильді қосымшаларыдың арасында Telegram TikTok-ты басып озып, алдыңға орынға табан тіреді. Қаңтарда әлеуметтік желі қосымшасы 63 миллион рет жүктеліпті.

Екінші орынға түсіп қалған TikTok 62 миллион рет жүктелген. Бұған қоса, үздік бестікте Signal, Facebook және WhatsApp желілері орналасқан.

Айта кетейік, WhatsApp желісінің танымалдылығының түсуіне өткен жылғы жанжал себеп болған сыңайлы. Желтоқсанда мессенджерді құрастырғандар жеке деректерді жинауда деп айыпталған еді.