Милан–Кортинада өтіп жатқан Олимпиада ойындары барысында ол мұз үстінде артқа сальто жасап, көрермендерді таңданысын тудырды.
ERNUR.KZ. ХХV Қысқы Олимпиада ойындарында америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин тыйым салынған элементті орындап, Олимпиада тарихына енді, деп жазады stan.kz.
Милан–Кортинада өтіп жатқан Олимпиада ойындары барысында ол мұз үстінде артқа сальто жасап, көрермендерді таңданысын тудырды.
Осылайша Илья Малинин Олимпиадада бұл элементті орындаған екінші мәнерлеп сырғанаушы атанды. Сонымен қатар ол өз есімін төрт жылдықтың басты додасының тарихына алтын әріппен жазды.
Айта кетейік, артқа сальтоны Олимпиада ойындарында алғаш рет орындаған тағы бір америкалық мәнерлеп сырғанаушы Терри Кубичка.
Ол бұл трюкті 1976 жылы Инсбрукта өткен Қысқы Олимпиадада көрсеткен. Осыдан кейін Халықаралық конькишілер одағы жарыс ережелерін қайта қарап, 1977 жылдан бастап толық айналыммен орындалатын акробатикалық секірулерге тыйым салды. Мұндай элементтер спортшылардың денсаулығына қауіпті деп танылған еді.
Алайда ұзақ жылдарға созылған шектеуден кейін Халықаралық конькишілер одағы бұл шешімді қайта қарап, 2024/25 маусымынан бастап сальто элементін жарыс бағдарламасына қайта енгізуге рұқсат берді.


