Үндістанда кем дегенде - 72 адам, Бангладеште – 12 адам қаза тапқаны туралы хабарланған.
ERNUR.KZ. Қуаты күшті Амфан циклоны Үндістанның Калькутта қаласын қиратып, салдарынан Үндістан мен Бангладеште кем дегенде 84 адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.
Сәрсенбі күні циклон Үндістанның жағалау маңындағы аудандарын жапырған. Циклон солтүстік бағыт, Бутан мемлекеті жағына қарай өтіп, біртіндеп әлсіреп келеді.
Табиғи апат салдарынан мыңдаған ағаш тамырымен жұлынған, электр сымдарының бағаналары қирады, үйлер толық жойылған.
Калькуттадағы жолдардың көбін су басты, 14 миллион адам жарықсыз отыр.
Амфан – Бенгал шығанағында 1999 жылдан бері қалыптасқан алғашқы суперциклон.
Халықты құтқарып, олардың мүлігін сақтап қалу іс-қимылдарына елде коронавирустың таралуына қарсы күрес едәуір қиындық келтіріп отыр.
Зілзаладан Үндістанда кем дегенде - 72 адам, Бангладеште – 12 адам қаза тапқаны туралы хабарланған.
Еске сала кетсек, 2007 жылы Бангладеште Сидр циклоны болып, салдарынан 3500-ға жуық адам мерт болған еді. Ал 1999 жылы Үндістанның Одиша штатында Амфанға ұқсас суперциклон 10 мыңнан астам адамның өмірін қиып кетті.