Англия Банкі пайыздық мөлшерлемені көтерді

0
669

Реттеушінің болжамына сәйкес, төртінші тоқсанда Ұлыбритания рецессияға ұшырап, бұл құбылыс келесі жылдың соңына дейін жалғасады.


Англия Банкі пайыздық мөлшерлемені көтерді

ERNUR.KZ. Англия Банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені бірден 50 базистік тармаққа, яғни 1,25%-дан 1,75%-ға дейін көтерді, деп жазады inbusiness.kz.

Банк ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің алдағы отырыстарында да көрсеткіш өсуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Реттеушінің болжамына сәйкес, төртінші тоқсанда Ұлыбритания рецессияға ұшырауы ықтимал. Бұл кезеңде салық төлегеннен кейін үй шаруашылығының нақты кірісі күрт төмендеп, тұтыну шығындары азаймақ.

Reuters агенттігінің дерегіне сүйенсек, Англия Банкі 1995 жылдан бері алғаш мәрте пайыздық мөлшерлемені рекордтық деңгейге арттырып отыр.

Реттеуші ел экономикасы 2023 жылы айтарлықтай құлдырайтынын, бұл әлемдік қаржы дағдарысынан кейінгі ұзақ құлдырау болатынын жариялады.