Жолаушылар эвакуацияланды.
Фото: 24.kz
ERNUR.KZ. Turkish Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақ Анталья әуежайына қонғаннан кейін тұрақ орнына бет алып бара жатқанда радар мұнарасына соғылды, деп жазады inbusiness.kz.
Компанияның мәліметінше, Ыстанбұлдан Антальяға ұшқан рейсте 267 жолаушы болған. Олардың барлығы эвакуацияланды. Оқиға салдарынан бір жолаушы жеңіл жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда оның жағдайы жақсы деп бағаланып отыр.
Turkish Airlines әуе компаниясы оқиғадан кейін ұшаққа техникалық тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Анталья әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.


