Apple өзінің жаңа iPhone 14 смартфонының тұсаукесерін 7 қыркүйекте өткізеді.
ERNUR.KZ. Apple Қытайдағы өндірісін біртіндеп Үндістанға ауыстыруда. Алғашқы iPhone 14 Үндістанда қазан айының соңында немесе 2022 жылдың қараша айында шығарылады, деп жазады inbusiness.kz.
Apple ұзақ уақыт бойы смартфондардың басым бөлігін Қытайда шығарып келді. Бірақ қазір компания басқа өндіріс орындарын іздеуде, өйткені Қытай билігі мен АҚШ үкіметі арасындағы қарым-қатынас ушығып, ел бойынша қосымша карантиндік шаралар енгізілуде.
Apple iPhone смартфондарын Үндістанда 2017 жылы шығара бастады, енді компания Қытай мен Үндістандағы өндіріс қуатын теңестіруді көздеп отыр.
Сонымен қатар компания Apple Watch және MacBook өнімдерін Вьетнамда шығаруға қатысты келіссөздерді жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, Apple өзінің жаңа iPhone 14 смартфонының тұсаукесерін 7 қыркүйекте өткізеді.