Аптап ыстықтан Үндістан энергия қуатын пайдаланудан рекорд жаңартты

0
390

30 мамырда Үндістан энергияны тұтынудың тағы бір рекордын орнатты.


Аптап ыстықтан Үндістан энергия қуатын пайдаланудан рекорд жаңартты

ERNUR.KZ. Маусым айында аймақта әдеттен тыс аптап ыстық болжанады. Кондиционерлер жалға беру, сатып алу бойынша нөмірі бірінші тауарға айналды. Үндістанның Grid controller операторының мәліметі бойынша, 30 мамырда Үндістанда электр энергиясына сұраныс 250 ГВт-тан жоғары болды, деп жазады inbusiness.kz.

29 мамыр қарсаңында оператор рекордты 246 ГВт деңгейінде тіркеді.

Әлемдегі ең көп қоныстанған елде әдеттен тыс ыстық ауа-райы басылмай отыр, сондықтан электр энергиясына деген сұраныс рекордтық деңгейге жетіп, компаниялар тіпті үнемсіз электр станцияларын іске қосуға мәжбүр.

"Үнді мұхиты соңғы онжылдықтардағы ең қатты жылынуды бастан өткерді, салдарынан Үндістанда құрғақшылық, қатты жаңбыр, су тасқыны мен қарқынды циклондар сияқты экстремалды оқиғалар ғана емес, сонымен қатар аптап ыстық тіркеліп жатыр", — деп хабарлайды The Times Of India Үнді тропикалық метеорология институтының зерттеуіне сілтеме жасап.

Делиде температура Цельсий бойынша 52-56 градусқа жетеді.

"Сарапшылар мен тұрғындар Үндістан Климаттық дағдарыстың ауыртпалығын көтеріп жатқандықтан, жазғы температура қазіргі уақытта қалыптыдан әлдеқайда жоғары көтеріліп жатқанымен келіседі", — деп жазады британдық The Telegraph.