Арасында балалар бар: Техастағы сауда орталығында атыс болды

0
980

Тоғыз адам қаза тауып, жетеуі жараланды.


Арасында балалар бар: Техастағы сауда орталығында атыс болды

ERNUR.KZ. Техаста сауда орталығында атыс болды. Салдарынан 9 адам көз жұмып, тағы 10-ға жуығы жараланды. Жапа шеккендер арасында балалар бар, деп жазады Stan.kz

Оқиға орнына келген полицей қаскөйдің көзін жойды. Оның не үшін мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.

айтуынша, қарулы адам өтіп бара жатқан адамдарға бей-берекет оқ жаудырған. Сауда орталығынан жүздеген адам эвакуацияланды.

Зардап шеккендердің кейбірі балалар екені хабарлануда. Кемінде жеті адам ауруханада жатыр, оның үшеуінің жағдайы ауыр.

Аллен өрт сөндіру бөлімінің бастығы Джонатан Бойдтың айтуынша, жеті адам, соның ішінде оқ атқан адамның өзі оқиға орнында, ал екеуі кейінірек ауруханада көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің жасы – 5 жастан 51 жасқа дейін.

Аллен полициясының басшысы Брайан Харвидің айтуынша, сауда орталығындағы полиция офицерлерінің бірі атыс дыбысын естіп, не болып жатқанын білу үшін жүгіріп жетіп, күдіктікпен ашық атысқа көшкен.

Техас штатының губернаторы Грег Эббот атысты "айтып келмейтін қайғылы оқиға" деп атап, жергілікті билікке кез келген көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

АҚШ полициясы оқиғаның бейнежазбалары бар азаматтардан дәлелдемелерді жинау үшін ФБР-ге хабарласуды сұрады.

Бірнеше куәгердің айтуынша, атқыш толығымен қара киінген және жауынгерлік киім киген.

“Мен анаммен бірге дүкен аралап жүргем. Кенеттен атысқа ұқсас дыбыстар естілді. Жанымдағы адамдардан сұрап едім, олар дыбыстардың маңайдағы құрылыс алаңынан шыққанын айтты. Бірақ сосын қолында қаруы бар ер адамды көрдік. Ол алдынан шыққанның бәріне бейберекет оқ атты. Біз бір топ адам болып дүкеннің ішінде тығылып отырдық”, – дейді куәгер Коул Корчек.

Алленде шамамен 105 мың адам тұрады, ол Даллас қаласының орталығынан солтүстікке қарай 32 км жерде орналасқан.