Армения Республикасының аумақтық әкімшілік және инфрақұрылым министрі Давид Худатян бұл туралы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Фото: arka.am
ERNUR.KZ. Арменияда модульдік атом электр станциясы салынуы мүмкін, деп жазады inform.kz.
Армения Республикасының аумақтық әкімшілік және инфрақұрылым министрі Давид Худатян бұл туралы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол атом электр станциясының моделі бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ, бірақ Ресей, АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея және Францияның ұсыныстары қазірдің өзінде талданып жатқанын мәлімдеді.
– Менің ойымша, модель бойынша шешім биыл немесе 2027 жылы қабылданады, сондықтан асығыс шегім қабылдаудың қажеті жоқ. Таңдалған технологияға байланысты Армения қайсысымен жұмыс істей беретіні анықталады. Модульдік атом электр станциялары әлі кең таралған жоқ, сондықтан қосымша зерттеулер қажет, ол қазіргі уақытта жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті министр.


