Өзіне күдік келмеуі үшін үй есігінің құлпын бұзып, ұры түсті дегендей вариант жасап қойған.
ERNUR.KZ. Американың Орегон штатының тұрғыны жасөспірім қызының жинап жүрген ақшасын сып еткізіп, оны эротикалық массажға жұмсапты, деп жазады zakon.kz.
Брайан Дэвид Кутюр (Brian David Couture) өз қызының печенье сатып тапқан 700 долларын ұрлап кетіп, сол ақшаға интим қызметтің қызығын көріп алған. Өзіне күдік келмеуі үшін үй есігінің құлпын бұзып, ұры түсті дегендей вариант жасап қойған.
Кутюр ойлап тапқан аңызға сай, үйге ұры түсіп, өзіне шабуыл жасаған. Прокурорлардың айтуынша, үйге келген полицейлер ақшаның жоғалғанын тіркеді. Олар сондай-ақ сынған ноутбук пен қан іздерін тапты. Округ прокурорының орынбасары Томас Белесиудің (Thomas Belesiu) сөзінше, ол полицияны сендіру үшін өзін өзі жаралаған.
Айта қалғаныңа сене қалатын тергеушілер болушы ма еді? "Массажқұмар" еркектің өтірігі тез-ақ ашылды. Ақыры Кутюр бәрін өзі мойындады.
Сот тыңдауы 20 мамырда, дүйсенбі күні өтті. Сот шешімімен Кутюр шартты түрде 1,5 жылға сотталып, 80 сағат қоғамдық жұмысқа жегілетін болды. Ол аздай, келтірген шығынын өтеп, тағы 100 доллар айыппұл төлеуі тиіс.