Әзірге жеткіншектің мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Ал шаһардың тағы бір мектебінде да атыс болып жатыр деген ақпарат тарады.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы мектептің бірінде оқыс оқиға орын алды. Палмдейлдегі «Хайлэндте» оқитын 14 жастағы оқушы мектепке қаруланып келіп, өзінің сыныптасын атыпты,деп хабарлайды Хабар 24.
Дәрігерлер жарақат алған оқушының өміріне қауіп төнбегенін айтады. Полиция қару кезенген шәкіртті ұстады, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Әзірге жеткіншектің мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Ал шаһардың тағы бір мектебінде да атыс болып жатыр деген ақпарат тарады, артынша оның құр дақпырт екені айтылды.