Әскери тапсырма кезінде жарылыс болды: Әзербайжанда екі сарбаз минаға түсті

0
126

Әзербайжан сарбаздары қызмет барысында минаға жарылды. Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, оқиғаға қатысты тергеу басталды.


Әскери тапсырма кезінде жарылыс болды: Әзербайжанда екі сарбаз минаға түсті

Фото: видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. 11 мамыр күні Әзербайжан армиясының әскери қызметшілері Махаммад Алибаба оғлы Гусейнов пен Камиль Джамиль оғлы Гафланов Келбаджар ауданында қызметтік міндеттерін атқару барысында минаға жарылды. Бұл туралы Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады baq.kz.

Жараланған әскери қызметшілер жақын маңдағы медициналық пунктке эвакуацияланды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген сарбаздардың жағдайы тұрақты екені, қазіргі уақытта олардың әскери-медициналық мекемеде ем алып жатқаны айтылды.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.