Бұл туралы Қатардың Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Тараптар сондай-ақ Кабул мен Исламабад арасындағы бейбітшілікті орнату және тұрақтылықты нығайту тетіктерін құру жөнінде ымыраға келді, деп жазады inbusiness.kz.
Қатар мен Түркияның арағайындығымен 18 қазанда Дохада өткен келіссөздер барысында Ауғанстан мен Пәкістан өкілдері шекарада дереу атысты тоқтату жөнінде келісімге келді.
"Келіссөздер раундында тараптар дереу атысты тоқтату және екі ел арасындағы бейбітшілікті орнату мен тұрақтылықты нығайту тетіктерін құру туралы келісті", – делінген Қатар СІМ-нің X-тегі парақшасында жариялаған мәлімдемесінде.
Келісімге Ауғанстанның қорғаныс министрі Мохаммад Якуб Мужахид пен Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф, сондай-ақ Қатар мен Түркия өкілдері қол қойды. Қақтығысушы тараптардың делегациялары атысты тоқтату режимін сақтау және толық орындау мақсатында алдағы күндері консультациялар өткізуге уағдаласты.