Жел балалармен бірге үрлемелі батутты жұлып алып, бірнеше метрге көтерген.
ERNUR.KZ. Аустралияның Тасмания штатындағы мектепте үрлемелі батуттан құлап қайтыс болған балалардың саны алтыға жетті, деп жазады Tengrinews.kz.
Оқиға Тасмания аралында Девонпорт бастауыш мектебінде болды. Жел балалармен бірге үрлемелі батутты жұлып алып, бірнеше метрге көтерген. Бұған дейін бес баланың өлімі туралы хабарланған болатын.
"Тасманиядағы қайғылы оқиға кезінде жарақат алған алтыншы бала қайтыс болды", - деп жазады басылым.
Полицияның соңғы мәліметі бойынша, оқиға салдарынан тоғыз бала зардап шегіп, олардың алтауы қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр.