Аустралиядағы танымал курортта акула ер адамға шабуыл жасап, ауыр жарақаттады

0
75


Аустралиядағы танымал курортта акула ер адамға шабуыл жасап, ауыр жарақаттады

Фото: magnific.com
ERNUR.KZ. Австралияның Перт қаласына жақын орналасқан Роттнест аралы маңында акула ер адамға шабуыл жасады. Жарақат алған азамат тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Көп ұзамай жағалау маңынан ұзындығы бес метр болатын ақ акула табылды, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 16 мамыр күні таңғы сағат 10:00 шамасында болған. Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, зардап шеккен ер адам шамамен 30 жаста.


Шабуылдан кейін оны Джорди-Бей шығанағы маңындағы жағалауға алып шыққан. Кейін тікұшақпен материктегі ауруханаға эвакуацияланған.

Құтқару қызметінің ақпараты бойынша, дәл осы уақытта жағалаудан шамамен 80 метр қашықтықта ұзындығы бес метрлік ақ акула байқалған. Билік Джорди-Бей аумағында демалып жүрген адамдарды барынша сақ болуға шақырды.

Роттнест аралы – Фримантл жағалауынан 19 шақырым жерде орналасқан танымал туристік аймақ.