Австралия тұрғындары енді құмды дауылмен арпалысып жатыр

0
1 252

Австралияның шығысында көптен күткен жауын-шашын басталды.


Австралия тұрғындары енді құмды дауылмен арпалысып жатыр

ERNUR.KZ. Еліміз алай-дүлей боранның құрсауында қалса, кей мемлекеттер өзге де табиғат апаттарынан зардап шегіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше ай орман өртінен көз ашпай есеңгіреп қалған Австралия тұрғындары енді құмды дауылмен арпалысып жатыр. Елдің оңтүстік-шығысындағы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында көтерілген құм мен шаңнан түк көрінбейді. Айта кетейік, дәл осы өңірде орман өрті әлі де дес бермей тұр. Бүгін қызыл жалынды ауыздықтауға шыққан әскери ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан 3 адам қаза тапты. Мерт болғандардың барлығы АҚШ азаматтары болған. Қазір аймақтағы әуежай жұмысын уақытша тоқтатты. Жалпы қыркүйек айында басталған орман өртінен күні бүгінге дейін 29 адам мерт болып, миллиондаған аң-құс қырылып қалды. Одан бөлек, 2500 баспана күлге айналды. Ал, Австралияның шығысында көптен күткен жауын-шашын басталды. Бір жағынан төпелеген нөсер өртсөндірушілердің жұмысын жеңілдетсе, екінші жағынан жергілікті тұрғындарды әбігерге салып отыр. Қазір аймақта тасқын басталып ондаған баспана су астында қалды

Испания мен Францияда «Глория» дауылы көтерілсе, орман өртінен есеңгіреп қалған Австралияның кей өңірлерін шауын-шашын мен құмды боран әлекке салды.

Ал, Таиланд тұрғындары ауа ластануының жоғарғы деңгейге жетуіне қатысты наразылығын білдіріп жатыр.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша Испанияда дауылдан 8 адам мерт болған.