Австралияда алтын кенішін құмды дауыл басып қалды

0
83

Дауыл бір сағатқа созылған, бұдан кейін кеніш аумағына нөсер жауын құйған.


Австралияда алтын кенішін құмды дауыл басып қалды

ERNUR.KZ. Австралияның Солтүстік аймағындағы Танами шөлінде кеншілер құмды дауылдың астында қалды, деп жазады Zakon.kz.


The Guardian мәліметінше, жұмысшылардың ешқайсысы зардап шекпеген.

"Дауыл биіктігі 348 метр болатын Улуру жартасын еске салды. Оның көлемі мен енінің өзі таңғалдырады. Ол тура бізге қарай келе жатқандай болды", – деді әріптестерімен бірге құмды дауылға тап болған кенші Лахлан Маркант.

Дауыл бір сағатқа созылған, бұдан кейін кеніш аумағына нөсер жауын құйған.

"Жауын-шашын аз түсетін аймақтарда мұндай құбылыстар ай сайын дерлік қайталанады", – дейді австралиялық климатологтар.