Жарылыстан жараланған бес адам Клиникалық медициналық орталыққа жеткізілген.
ERNUR.KZ. Әзербайжан астанасы Бакудегі AFEN Mall бизнес орталығында жарылыс болып, бес адам зардап шекті, деп жазады baq.kz.
Республика ТЖМ таратқан мәліметке сәйкес, оқиға орнына шұғыл түрде Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің, ерекше тәуекелдегі құтқару қызметінің және Баку өңірлік орталығының күштері жіберілген.
Жарылыстан жараланған бес адам Клиникалық медициналық орталыққа жеткізілген. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.


