Әзербайжан президенті парламентті таратты

0
832

Кезектен тыс парламент сайлауы 2024 жылдың 1 қыркүйегіне белгіленген.


Әзербайжан президенті парламентті таратты

ERNUR.KZ. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев VI шақырылымдағы Милли Меджлисті тарату және Әзербайжанда кезектен тыс парламент сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады tengrinews.kz.

Report мәліметінше, 21 маусымда өткен Парламенттің пленарлық отырысында Милли Меджлис Президентке кезектен тыс парламенттік сайлау тағайындау туралы ұсыныс жолдаған. Оған 105 депутат қолдап дауыс берген, қарсы - 1 дауыс.

27 маусымда Конституциялық сот Пленумының отырысында Милли Меджлисті тарату және кезектен тыс сайлауды тағайындау конституцияға сәйкестігі туралы қаулы қабылданды.

Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, кезектен тыс парламент сайлауы 2024 жылдың 1 қыркүйегіне белгіленген.