Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Мәскеудегі парадқа барудан бас тартты

0
131

Әлиевтің шеруге қатыспайтынын Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Life журналисі Александр Юнашевке берген сұхбатында айтқан.


Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Мәскеудегі парадқа барудан бас тартты

Фото: president.az

ERNUR.KZ. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Мәскеуде өтетін Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатыспайтын болды, деп жазады stan.kz.

Әлиевтің шеруге қатыспайтынын Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Life журналисі Александр Юнашевке берген сұхбатында айтқан.

"Өкінішке қарай, Әлиев келмейтіні туралы хабарлама алдық. Мұны Гейдар Әлиевке арналған ішкі шараларға қатысатынымен түсіндірді", – дейді Ушаков.

Бұған дейін Әлиев Жеңіс шеруіне қатысатыны туралы айтылған. Бұл оның 2024 жылы желтоқсанда Ақтау маңында Әзірбайжан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін Ресей басшылығымен алғашқы жеке кездесуі болады деп күтілген еді.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде бес экипаж мүшесі бар. Апат салдарынан 38 жолаушы қайтыс болды, 29 адам аман қалды.

Баку тарабының мәліметінше, ұшақ Ресей әуе кеңістігінде сыртқы әсерге ұшыраған. Әзірбайжан президенті ұшақ апаты үшін жауапкершілікті Ресейге жүктеді.