Әзірбайжанда әскери бөлімде жарылыс болды

0
923

Екі адам қаза болды.


Әзірбайжанда әскери бөлімде жарылыс болды

ERNUR.KZ. Әзірбайжанда әскери бөлімде жарылыс болды, екі әскери қызметкер қаза тауып, біреуі қатты жарақат алды, деп жазады tengrinews.kz.

"6 шілдеде таңертең әскери бөлімдердің бірінде жазатайым оқиға болды. Әскери қызметкер танк снарядының зарядын қолынан түсіріп алды, содан кейін жарылыс болды. Салдарынан, екі әскери қызметкер қаза тапты: Агаларов Амиддин Шахмалы оғлу және Салахов Самир Чингиз оғлу. Мамедов Нұрлан Рагим оғлу ауыр жарақат алды", - деп хабарлады Әзірбайжан қорғаныс министрлігі өкілдері.

ТЖ дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Еске салсақ, 24 маусымда Түркістан облысында Арыс қаласында әскери бөлім аумағында оқ-дәрілер жарыла бастады. Қалада 45 мың адам тұрады, олардың барлығы үйлерін тастап, жақын маңдағы қалаға қашты. Қайғылы оқиғадан бір қала тұрғыны мен екі әскери қызметкер қаза тапты. Жарылыс салдарынан ғимараттардың 80 пайыздан астамы зақымданды.