Хантер Байден 2023 жылдың маусымында атыс қаруын сақтау ережелерін бұзу бойынша үш айыптаудан да кінәлі деп танылған болатын.
Фото:depositphotos.com / Photo by thenews2.com
ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байден ұлы Хантерге рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады tengrinews.kz.
Ақ үй жариялаған мәлімдемесінде Байден ұлына АҚШ-қа қарсы "2014 жылғы 1 қаңтар мен 2024 жылғы 1 желтоқсан аралығында жасаған немесе жасамақ болған қылмыстары" үшін рақымшылық жасау туралы шешім қабылдағанын айтты.
Президент бұл шешімді ұлына қарсы қойылған айыптаулардың саяси мақсатта болғанын және олар Байденнің өзіне зиян келтіру үшін бағытталғанын түсіндірді.
"Бұл айыптаулар тек менің саяси қарсыластарым оларды Конгресте көтергеннен кейін ғана пайда болды. Олардың мақсаты маған шабуылдап, қайта сайлануыма кедергі келтіру болды. Егер кез келген ақылға қонымды адам Хантердің ісімен танысса, олар оны тек менің ұлым болғаны үшін қуғындағанын түсінеді - бұл әділетсіз", - деді Байден.
Сонымен қатар, ол Хантерді жалған айыптармен сындыруға бағытталған арнайы әрекеттер болғанын қосты.
"Оны сындыруға тырысып, мені де сындырмақ болды. Меніңше, бұның тоқтайтын түрі жоқ. Осымен жеткілікті", - деді президент.
Еске салайық, Хантер Байден 2023 жылдың маусымында атыс қаруын сақтау ережелерін бұзу бойынша үш айыптаудан да кінәлі деп танылған болатын. Ол сол кезде кінәсін мойындамаған болатын.