Сот қылмыс жасаған кезде айыпталушының есі дұрыс болмаған деген тұжырым жасады.
ERNUR.KZ. Әзербайжанда әкесін пышақтады деп айыпталған Баку тұрғыны Эльвин Агаевқа қатысты сот процесі аяқталды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Oxu.Az мәліметінше Бакудің ауыр қылмыстар жөніндегі сотында судья Махира Керимованың төрағалығымен өткен сот отырысында айыпталушыға қатысты үкім оқылды.
Сот қылмыс жасаған кезде Э.Агаевтың есі дұрыс болмаған деген тұжырым жасап, оны жазадан босатып, мәжбүрлеп емдеуге жіберді.
Айыптау қорытындысына сәйкес, оқиға өткен жылдың 3 қыркүйегінде Бакудің Сурахани ауданындағы Зых елді мекенінде болған. 1986 жылы туған Э.Агаев денесіне татуировка жасап, кейін оны өшіріп тастаған. Мұны көрген әкесі Эльвинге ұрысқан. Жанжал салдарынан Э.Агаев асхана пышағымен әкесінің жүрегіне жарақат салған.
Э.Агаевты ұстау кезінде оның ақыл-есі дұрыс болмағаны ескеріліп, ол мамандандырылған емдеу мекемесіне орналастырылды.
Бұл факті бойынша Әзербайжан Қылмыстық кодексінің 126.1-бабы (денсаулыққа қасақана зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.