Бұл туралы Ресей Парламентінің төменгі палатасының төрағасы Вячеслав Володин хабарлады.
ERNUR.KZ. Түзету енгізілген жағдайда айыппұл жеке тұлғалар үшін 400 мың рубльге дейін, лауазымды тұлғалар үшін 800 мың рубльге және заңды тұлғалар үшін 5 миллион рубльге дейін болады, деп жазады inbusiness.kz.
Мемлекеттік Дума бала туудан саналы түрде бас тартуды насихаттауға тыйым салатын заң жобасын қарауды бастады.
"Бала туудан саналы түрде бас тартуды насихаттауға тыйым салатын заң жобасын қарауға кірістік. Бұл жерде басты мақсат – баласыздықты насихаттайтын ақпараттың таралуына кедергі жасау", – деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.
Парламентарий атап өткендей, "әлеуметтік желілердегі тақырыптық топтар мен қауымдастықтарда ана мен әке болуға қарсылық, жүкті әйелдер мен балаларға құрметсіздік, сондай-ақ көп балалы отбасы мүшелеріне агрессия жиі байқалады".
"Интернетте, БАҚ-та, кинофильмдерде, жарнамада баладан бас тартуды насихаттауға тыйым салу ұсынылады. Сондай-ақ бұл үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілсін", - деді ол.
Володин құықбұзушылық үшін айыппұлдар жеке тұлғалар үшін 400 мың рубльге дейін, шенеуніктер үшін 800 мың рубльге дейін және заңды тұлғалар үшін 5 миллион рубльге дейін болатынын атап өтті.
Биліктің мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Ресейде туу көрсеткіші тарихи ең төменгі деңгейге дейін төмендеген. Осы уақыт ішінде Ресей Федерациясында 599,6 мың бала дүниеге келді – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6 мыңға аз.