Балалар мінген автобус аударылды – жантүршігерлік видео

0
1 490

Жол апатынан қаза болғандар мен зардап шеккендер бар


Балалар мінген автобус аударылды – жантүршігерлік видео

ERNUR.KZ. Ресейдің Калуга облысында ірі жол апаты болды, деп жазады 24.kz.

Салонында 40-тан астам адам отырған автобус аударылып, 7 адам қаза тапты. Өкініштісі, олардың ішінде балалар да бар.

Сондай-ақ кем дегенде 20 жолаушы жарақат алған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, олар би сайысына бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші темір тұлпардың тізгінін басқара алмай қалған.

Бірақ оның рөлге нақты неліктен ие бола алмағаны әлі анықталған жоқ. Ауыр жарақат алғандар ауруханаға тікұшақпен жеткізілді. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.