​Бали аралында жанартау атқылады

0
1 155

Бали аралында жанартаудың атқылауына байланысты әуежай жабылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Бали аралында жанартау атқылады

ERNUR.KZ. Бали аралында жанартаудың атқылауына байланысты әуежай жабылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Индонезияның Бали аралында Агунг жанартауы атқылап, халықаралық «Нгурах-Рай» әуежайы жабылды.

Оқиға салдарынан 50-ден астам әуе рейсі кейінге шегеріліп, 8 мыңға жуық саяхатшы діттеген жеріне жете алмай зардап шегуде.

Мамандардың айтуынша, жанартаудан шыққан күл 2 жарым шақырым биіктікке дейін көтерілген. Ауа райын болжау қызметі жел күшейіп, күл мен түтін халық көп орналасқан Ява аралына жетуі мүмкін дейді. Бірақ осыған қарамастан, жергілікті билік одан төнген қауіп деңгейін әлі жоғары көтерген жоқ.

«Барлық рейстердің кейінге шегерілгені өкінішті-ақ. Бірақ мен мұнда саяхатшымын ғой. Сондықтан қонақүйге барып, сапарымды созып, осында тағы біраз күн қалуды ойлап тұрмын», - деді саяхатшы.

«Ұшағым болмайтыны туралы естігенде, көңілім түсіп кетті. Шынымды айтсам, ашуым келіп тұр. Менің мұнда баратын баспанам жоқ. Сондықтан ұшақтардың ұшуын күтуге тура келеді», - деп саяхаттаушылар пікір білдіруде.