Куәгерлер жойқын жер сілкінісінің салдары туралы түсірілген кадрларды жаппай жариялауда.
Сурет: pexels
ERNUR.KZ. 2025 жылы 28 наурызда Мьянмада 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Таиланд тұрғындары айтарлықтай жер асты дүмпулерін сезінді. Бангкокта көпқабатты үйлерді көшіру туралы дереу хабарланды, деп жазады zakon.kz.
Куәгерлер жойқын жер сілкінісінің салдары туралы түсірілген кадрларды жаппай жариялауда.
Осылайша Бангкокта көпқабатты үй құлады.
Көпқабатты үйлердегі бассейндерден ағып жатқан судың видеосын да жариялады.
Бангкок билігі тағы да жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескертті. Барлық қызметтер күту режимінде.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Мьянманың өзінде көптеген ғимараттар қираған.
Еске салайық, 2025 жылдың 28 наурызына қараған түні Тараз қаласында және Жамбыл облысының бірқатар аудандарында жер сілкінісі тіркелген болатын. Табиғат апатының салдары туралы бейнематериалдар Қазнетте пайда болды.