Жұқтырғандар саны 57 127 жетті.
ERNUR.KZ. Сәрсенбіде Бангладеште 2711 адам денге безгегін жұқтырған, 12 науқас қайтыс болды, деп жазады Inbusiness.kz.
"Жыл басынан бері індет жұқтырғандар саны 57127 - ге, ал өлім саны 273-ке жетті. Бангладеште сауығып кеткен науқастардың жалпы саны 47529 адамды құрады. Сәрсенбіде 2638 адам ауруханалардан шығарылды", — деп жазады Синьхуа агенттігі елдің денсаулық сақтау бас директоры мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Директораттың хабарлауынша, өткен айда елде денге безгегінің ең жоғары өсуі байқалды: 43854 адам індет жұқтырған және 204 адам қайтыс болды.