Забихулла Мужахид АҚШ әскері елден шығарылғаннан кейін Ауғанстанды не күтіп тұрғанын айтты.
ERNUR.KZ. 26 тамызда Кабул халықаралық әуежайында бірнеше теракт болды. Арада бірнеше күн өткен соң Ауғанстан билігіне келген «Талибан» өкілдері ел болашағы жайлы айтты. Қозғалыстың (Қазақстанда тыйым салынған) ресми өкілі - баспасөз хатшысы Забихулла Мужахид Кабулда Euronews телеарнасы журналисімен кездесіп, сұхбат берді, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Біріншіден, америкалық әскер елден кетуі керек. Екіншіден, Ислам үкіметі құрылады. Ауғандықтардың әлемде ұлт ретінде өмір сүруге құқығы бар және біз тұрақтылықты қамтамасыз етуге күш саламыз. Біз барлық елмен жақсы қарым-қатынаста болғымыз келеді, өйткені соғыстан көп зардап шеккен ауған халқына жақсы қарым-қатынас қажет. Бірақ, ауғанстандықтар кез келген әскери араласуды шапқыншылықтың жалғасы ретінде қарастырады, бұл мәселеге өте ауыр қарайды. Бұл туралы айтып жүргендер Ауғанстанды білмейді», - деді Забихулла Мужахид.
«Талибан» өкілі АҚШ әскерінің Ауғанстаннан шығарылуын америкалықтар үшін де, ауғандар үшін де жақсы мүмкіндік екенін айтты.
«Біріншіден, Ауғанстан мен оның халқы тәуелсіз болады. Бұл - халықтың өзін тәуелсіз сезіну құқығы және біз үшін үлкен жетістік. Екіншісі, америкалықтар үшін жұмыс күші мен экономикаға, екінші жағынан беделге экономикалық соққы берген 20 жылдық соғысты тоқтатуға жақсы мүмкіндік.
Әуежайдағы жағдай қалпына келсе, біз оның қауіпсіздігін толық бақылауға аламыз. Әуежайда және оның айналасында тәртіп орнатылады. Біз халқымыздың қорықпағанын қалаймыз және адамдар бізден қорқып, бізден бас тартып, өз отанынан кетуге мәжбүр болу үшін келген жоқпыз. Біздің еліміз ортақ және адамдар өз елінде өмір сүруге құқылы. Біз проблемалармен күресуіміз керек, әуежайда жүргендерді үйіне оралуға, қалыпты өмірге оралуға шақырамыз», - дед Забихулла Мужахид.
Ресми өкіл АҚШ әскері елден шығарылғаннан кейін не болатынын айтты.
«Біздің азаматтар басқа елде өмір сүруге құқылы, шетелдік әскер кеткеннен кейін саяхаттап, тұратын жерін таңдай алады», - деді өкіл.