Бұған дейін Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиевтен жауап алынған.
ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жауап алу үшін елдегі Бас прокуратураға шақырту алды, деп жазады Sputnik Қырғызстан.
Қырғыздардың мемлекет басшысы 2010 жылдың маусымында елде болған оқиғаға қатысты сұрақтарға жауап береді.
Біраз бұрын Қырғызстанның министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камшыбек Ташиевтен жауап алынған.
Бұған дейін хабарлағандай, 2010 жылдың маусымында қырғыз елінде болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қайта қаралып жатыр. Ол кезде Ош пен Жалал-Абад облыстарында халықаралық қақтығыс болып, жүздеген адам көз жұмды.