Атыс кезінде 11 адам қаза тапты.
ERNUR.KZ. Ресей Тергеу комитетінің Бас әскери тергеу басқармасы Белгород облысындағы полигонда атыс болғаннан кейін қылмыстық іс қозғады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Ресейдің Тергеу комитетінің Бас әскери тергеу басқармасы Белгород облысындағы қылмыстық іс-қимыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Белгород облысындағы полигондағы оқиға салдарынан 11 адам оқ жарақатынан қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Ал істің қандай бап бойынша қозғалғаны нақтыланбаған.
Қорғаныс министрлігі бұған дейін болған оқиғаны террористік акт деп атаған. Ведомствоның баспасөз хабарламасына сәйкес, ТМД елдерінің бірінің екі азаматы Белгород маңындағы Батыс әскери округінің полигонында сабақ кезінде әскери операция аймағына барғысы келген еріктілерді атып өлтірген.