Бенито Муссолини жасырынған жертөле ашылды.
Италияның Рим қаласында диктатор Бенито Муссолини жасырынған жертөле ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz cайтына сілтеме жасап.
Жаңа технологиялардың арқасында келушілер диктатор отырған орынды ғана емес, бомбалау сәттерін де өз көздерімен көре алады. Муссолини бұл бункерді 1940 жылы, танымал Торлония вилласы өзінің резиденциясы болған кезде жасаған. Сөйтіп жүзім шарабына арналған жертөлені желдету жүйесі мен телефон байланысы бар жасырын панаға айналдырды. Дегенмен құрылыс жұмысы аяқталған соң Муссолини оның қауіпсіз екендігіне күмәндәніп, басқа бункер салуға кіріскен. Бұл жолы дәл өз үйінің астын таңдайды.
Диктатор тірі кезінде өзі соққан бірде-бір бункерді қолданып үлгермеген. Америкалық одақтастарының алғашқы бомбалауынан кейін 43 жасында тұтқынға түсті. Дегенмен Муссолини соққан жертөле бір жылда 51 әуе шабуылын көрген талай бейбіт тұрғынды құтқарып қалды.